Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елімізде ең ірі велошерулердің бірі өтеді

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында елімізде ең ірі велошерулердің бірі өтеді

27 мамыр күні Алтай мен Оралды жалғайтын алып қашықтықты бағындыратын велошеру Семей қаласынан өтеді.

Басты мақсат – еңбек адамын қолдау, жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру.

Алтайдан Оралға – бірлікте, еңбекпен алға!

Велошерудің бағыты:
Қатысушылар Өскемен қаласынан кіреберістегі тас жолда қарсы алынады. Велошеру Әуезов даңғылынан басталып, ескі көпір арқылы өтеді. Кейін Шмидт көшесімен жүріп, Абай алаңында аяқталады.