
Шри-Ланка астанасы Коломбо қаласында өтіп жатқан бокстан 22 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Азия чемпионатында облысымыздың екі өкілі — Жанель Имантайева мен Ақнұр Тұрсынғали алтын медаль жеңіп алды. Жарысқа Қазақстаннан 50-ге жуық спортшы қатысты. Жанель Имантайева 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде, ал Ақнұр Тұрсынғали 57 келіге дейін өнер көрсетті.