Аягөз қаласында өтіп жатқан Абай облысының мемлекеттік қызметкерлері арасындағы спартакиада аясында волейбол бойынша іріктеу кезеңі өз мәресіне жетті. Спартакиадаға облыстың түрлі өңірлерінен 8 команда қатысып, үздік командалар анықталды.
Жарыс нәтижелері төмендегідей:
І орын — Үржар ауданы
ІІ орын — Бородулиха ауданы
ІІІ орын — Аягөз ауданы
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз және спорттағы табыстары жалғасын таба берсін деген тілектеміз.