Абай облысынжа бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде «Парыз» байқауы бастау алды

Абай облысынжа бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде «Парыз» байқауы бастау алды

Байқау халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.

Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдар байқауға қатысуға жіберілмейді.

Байқау төрт номинациялар бойынша:
1) «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын». Бұл номинацияда өз персоналын қолдауға, мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге және жалпы коғамның әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру, мүмкіндігі шектеулі адамдарды барынша көп мөлшерде жұмысқа орналастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
2) «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын». Бұл номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
3) «Үздік ұжымдық шарт». Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) «Экологияға қосқан үлесі үшін». Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.

Өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Байқауға қатысу тегін. Үміткерлер өз материалдарын қағаз түрінде және электронды форматта жолдайды.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер жергілікті атқарушы органдарға материалдарды бір данада ұсынады, оларда:
1) қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім;
2) үміткердің өз қызметінің деңгейін өзін-өзі бағалауын және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі бойынша нақты нәтижелерін білдіретін есебі болады;
Үміткердің есебінде:
заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның тарихы;
ұйымдық құрылымы; өзге де қосымша ақпарат.
3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі белгілеген нысанда толтырылған сауалнама болуы тиіс.

Байқау жөнінде толық ақпаратты 36-01-99 (Абай облысының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестір басқармасы) телефоны арқылы немесе қалалар мен аудандардағы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінен алуға болады.