ҚР-да инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде Абай облысының жұртшылығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министр Назгүл Сағындықова Семей қаласында кездесуін өткізді

ҚР-да инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде Абай облысының жұртшылығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министр Назгүл Сағындықова Семей қаласында кездесуін өткізді

Бүгін Абай облысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице – Министрі Н.Е.Сағындықованың төрағалығымен Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарын іске асыру үшін инклюзивті саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасын қабылдау бойынша жұмыстар басталғанын және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету мен мүмкіндіктерін кеңейтуді, әлеуметтік интеграцияны және азаматтық қоғамды мемлекеттік деңгейде шешімдер қабылдау үшін дөңгелек үстел өтті.

Жиынға облыс әкімінің аппарат басшысы, адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Абай облысы бойынша өкілі, облыс әкімінің мүгедектігі бар адамдардың мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі, мүгедектігі бар адамдардың ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктер қатысты.

Дөңгелек үстелдің бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасына өзгерістер енгізу үшін жиын қатысушылары өздерінің пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті.