2027 жылға жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім қабылдау

2027 жылға жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім қабылдау

Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығының 6-тармағына сәйкес «.....жұмыс берушілер жыл сайын 1 қазанға дейін шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы көзделетін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі–жергілікті атқарушы органдар) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерін ұсынады. Бірден астам әкімшілік-аумақтық бірлік қолданылатын шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін, жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін жұмысқа орналастыру орны бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдарға жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерін ұсынады» 2027 жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды.

2027 жылға жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінім келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  • заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), заңды мекенжайы көрсетіле отырып, өтінім Қағидаларға
    1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;
  • өтінімде жұмыс берушінің жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге, тауарларды өндіруге жасаған шарттары, келісімшарттары шеңберінде іске асыру жоспарланған жобаларды көрсете отырып, шетелдік жұмыскерлерді тартудың негіздемесін толық сипаттауы (5 таңбалы санмен экономикалық қызмет түрі (мысалы: 07292 мыс рудасын өндіру және байыту); инвестициялық басым жобалары болып табылады ма; аталған жобалардың қай ауданның немесе елді мекеннің аумағында іске асырылатынын көрсету қажет) болуы тиіс;
  • өтінім заңды  тұлғаның  толық  атауы  немесе  жеке  тұлғаның (тегі, аты, әкесінің

аты (болған жағдайда), заңды мекенжайы, БСН/ЖСН, электрондық пошта мекенжайы, телефон нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері көрсетілген ілеспе хатпен (бірінші басшының қолымен және мөрімен расталған (болған жағдайда), шығыс нөмірі мен шығыс күнімен) жолданады;

Осыған орай, 2027 жылға жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімін сканерленген және электрондық форматта g.akimbaeva@akimatabai.gov.kz электрондық поштаға 1-қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 1 қазанға дейін жолдауды сұраймыз.

Қағаз нұсқасын «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ (№ 313 кабинет) Абай облысы, Семей қаласы, Алаш Қозбағаров көшесі, 40 мекенжай бойынша (жұмыс графигі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін) ұсыну қажет. Өтінімдер жұмыс уақытында 2026 жылғы 30 қыркүйектің сағат 18.30 – ға дейін қабылданады.

Байланыс деректері: 8 (7222) 36-01-58, 87478298101, g.akimbaeva@akimatabai.gov.kz.