
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктері бойынша Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға квота мөлшерін бекітіп, бөледі. 2026 жылы бөлінген жалпы квота саны еліміздегі жұмыс күшінің 0,25% мөлшерінде белгіленді. Бұдан басқа, 2026 жылы үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек көшіп келушілерді тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 2,9% мөлшерінде белгіленген.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 427 бұйрығымен 2026 жылға Абай облысына 300 бірлік квота бөлінген, оның ішінде
I санаты бойынша – 5 бірлік, II санаты бойынша – 76 бірлік, III санаты бойынша – 89 бірлік, IV санаты бойынша – 62 бірлік, маусымдық шетелдік жұмыскерлер бойынша – 68 бірлік.
Сондай-ақ үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбекші көшіп келушілерді тартуға 2000 бірлік мөлшерінде бекітілді.