
Абай облысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны жыл сайын төмендеуде. Жылдың басынан 1,7 млрд теңгеден астам қаражат 14 111 адамға (2 781 отбасыға) төленді.
Сонымен қатар, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 4 035 балаға 183.2 млн теңге көлемінде қосымша ай сайынғы кепілдендірілген көмек көрсетілді. Әр балаға 1,5 АЕК, яғни 5 898 теңгеден төленді.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың басым бөлігін көпбалалы отбасылар құрайды – 8 407 адам.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 4 275 адамға немесе 866 отбасыға азайды. Бұл өңірде халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының біртіндеп жақсарып келе жатқанын көрсетеді.