Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру мақсатында 2025 жылғы 12 маусым мен 12 шілде аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Аталған шара сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға бағытталған профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады. Талдаудың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, олардың туындауына ілеспе жағдайлар мен себептерді анықтау және барынша азайту болып табылады. Егер сізде Басқарма қызметінде болуы мүмкін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысты ақпарат болса, оны a.doulbaeva@akimatabai.gov.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.