Меню
Страницы

Астана күнімен құттықтаймыз!

Астана күнімен құттықтаймыз!

Елорда күні тек Астана тұрғындары үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін де айтулы күн болып табылады. Бұл мереке маңызды қоғамдық-саяси мәнге ие және шын мәнінде жалпыхалықтық болып табылады.

Астана-Тәуелсіз Қазақстанның мақтанышы, мемлекетіміздің қарқынды өсуінің символы, ол өзінің қалыптасу жылдарында ірі саяси, экономикалық, мәдени және білім беру орталығына айналды. Біздің еліміз дамуға, ілгерілеуге және жасампаздыққа қуатты серпін алды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Тоқаев атап өткендей: "Қазіргі Қазақстанның флагманы – біздің елордамыз. Еліміздің орталық мегаполисі болашаққа нағыз серпіліс, жалпыұлттық жұмылдыру мен шынайы патриотизмнің үлгісі болды. Дәл осы жерде Отанымыздың жүрегі соғып тұр. Дәл осы жерде барлық тағдырлы шешімдер қабылданады, шабыттандыратын идеялар туады және бірегей жобалар өмірге келеді".

Құрметті жерлестер!

Осы мереке күні баршаңызға шын жүректен жақсылық, бейбітшілік және Отанымыз — Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін! Елордамыз Астана гүлденіп, одан да әдемі болып, әр отбасының өмірі қуанышқа, өркендеуге және ертеңгі күнге деген сенімділікке толы болсын. Мереке құтты болсын!

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері