|
№ |
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы |
Мемлекеттік гранттың басым бағыты |
Мәселенің қысқаша сипаттамасы |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Грант түрі және грантты іске асыру мерзімі |
Грантты іске асыру аумағы ( Қағидалардың 6-тармағына сәйкес) |
Нысаналы индикатор және күтілетін нәтижелер |
Материалдық-техникалық базаға қойылатын талаптар |
|
1. 76 |
Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау |
Қоғамдық өмірге тарту бойынша жұмыстар көрсету, біліктілікті арттыруға жәрдемдесу, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту
|
Абай облысында көп балалы және аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар бірқатар жүйелі әлеуметтік-экономикалық, олардың қоғамдық өмірге толыққанды тартылуына және өз әлеуетін іске асыруына кедергі келтіретін проблемаларға тап болып отыр. Негізгі проблемалардың бірі нысаналы топтардың қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары және біліктілікті арттыру мүмкіндіктері туралы, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бастамаларды дамыту туралы жеткілікті деңгейде хабардар еместігі. Бұл мәселелер әсіресе Абай облысының ауылдық аудандарында, соның ішінде консультациялық, білім беру, құқықтық және психологиялық қызметтерге қол жетімділігі шектеулі шалғайдағы елді мекендерде айқын көрінеді. Кешенді сүйемелдеудің және оқытудың тәжірибеге бағытталған форматтарының болмауы жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағдарламаларына белсенді қатысуға деген ынтаны төмендетеді, бұл өз кезегінде халықтың осы санаттарының әлеуметтік осал жағдайын сақтауға ықпал етеді.
|
8 000,0 |
1 қысқа мерзімді грант, 2026 жыл |
Абай облысы |
Нысаналы индикатор: 1. Халықтың әлеуметтік осал, көп балалы және аз қамтылған санаттарына кемінде 1 200 адамды қамти отырып, консультациялық, құқықтық және психологиялық қызметтер көрсету; 2. Жобаға қатысушылардың қанағаттану деңгейі-кемінде 70% (сауалнама қорытындысы бойынша) Күтілетін нәтиже:1. Абай облысының әлеуметтік осал (мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар), көп балалы және аз қамтылған санаттағы тұрғындарына консультациялық, құқықтық және психологиялық қызметтер көрсету үшін кешенді сүйемелдеу қызметінің жұмысын ұйымдастыру 2. Облыс аумағында кем дегенде 100 көпбалалы отбасы мен мүгедек адамдардың қатысуымен іс-шаралар (тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізу. 3. Нысаналы топтардың құқықтық сауаттылығын және әлеуметтік бағдарлануын арттыруға бағытталған ақпараттық-әдістемелік материалдарды (кемінде 100 дана) әзірлеу және тарату. (Тапсырыс берушімен келісім бойынша) 4. Кемінде 80 қатысушыға сертификаттар бере отырып, кәсіптік дағдыларды арттыруға ықпал ететін жұмысшы кәсіптері бойынша оқытуды ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде кемінде 30% кәсіпкерлік қызметке тартылатын болады. 5. Мұқтаж отбасыларға кешенді көмек көрсету үшін кемінде 5 бейінді ұйымдармен, еріктілер бірлестіктерімен және қайырымдылық қорларымен меморандум жасау. 6. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына (тағылымдама, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) аз қамтылған отбасылар мен мүгедектігі бар адамдар қатарынан жобаның кемінде 60 қатысушысын тартуға жәрдемдесу. 7. Ақпараттық қамту - 10.000 қаралымнан кем емес. 8. Жобаның қорытындысы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде презентациясы және ұсынымдары бар кемінде 1 талдамалық баяндама дайындау.
|
|
|
2. |
Олардың есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметтеріне жәрдемдесу |
Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды қайта әлеуметтендіруге жәрдемдесу |
Абай облысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар әлеуметтік бейімделу процесінде тым осалдығын көрсетеді. Талдау көрсеткендей, мемлекеттік әлеуметтік қызметтер мен жәрдемақыларға қолжетімділіктің шектелуі, құқықтық қолдау мен кәсіптік бағдарлаудың болмауы, сондай-ақ жұмысқа орналасу, білім беру және тұрғын үй мәселелерін шешудегі қиындықтар олардың қоғамға қайта кіруін айтарлықтай қиындатады. Кешенді сүйемелдеудің болмауы рецидив пен әлеуметтік маргиналдану қаупін арттырады, бұл тиімді көмек көрсету үшін мемлекеттік және бейінді әлеуметтік институттардың жүйелі өзара іс-қимылын қажет етеді. |
8 000,0 |
1 қысқа мерзімді грант, 2026 жыл |
Абай облысы |
Нысаналы индикатор:1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және/немесе Абай облысының пробация қызметінің есебінде тұрған кемінде 250 адамға консультациялық, құқықтық және психологиялық қызметтер көрсету. 2. Әлеуметтік бейімделу деңгейінің жоғарылауын және жобаға қанағаттанушылықты атап өткен жобаға қатысушылардың үлесі-кемінде 80% (сауалнама қорытындысы бойынша)Күтілетін нәтиже:1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар мен Абай облысының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, оның ішінде онлайн сервис құру арқылы консультациялық қолдау (құқықтық, психологиялық және өзге) жүйесі ұйымдастырылды 2. Өтініш білдіргендердің кемінде 60% - ы мемлекеттік әлеуметтік қызметтер мен жәрдемақыларға қол жеткізуге алып жүру және көмек көрсету. 3. Консультацияларды, тағылымдамадан өтуге немесе жұмысқа орналасуға көмекті қоса алғанда, өтініш білдіргендер қатарынан жұмысқа орналасуға және кәсіптік бағдарлануға кемінде 90% жәрдемдесу. 4. Тұрғын үй, білім беру, жұмысқа орналасу және отбасы жағдайы бойынша жобаға қатысушылар арасында сауалнама және сұхбат арқылы қажеттіліктерді анықтау. 5. Босату алдында олардың қажеттіліктерін анықтау үшін бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдармен ай сайынғы кездесулер өткізу. 6. Әлеуметтік-демографиялық деректер мен көрсетілген көмек түрлері туралы ақпаратты қамтитын аудандар бойынша талдамалық есептерді қалыптастыра отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды бейімдеу мен жайластырудың тоқсандық мониторингін жүзеге асыру. 7. Жобаның қорытындысы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде презентациясы мен ұсынымдары бар кемінде 1 талдамалық баяндама дайындау. |
|
БАРЛЫҒЫ |
16 000,0 |
|
|
|
|
|||