Қала аулалары кезегімен қалыпқа келтіріледі

Қала аулалары кезегімен қалыпқа келтіріледі

Семей қаласында тұрғын үй аулаларының жай-күйі бақылауда. Жеке қабылдауда айтылған тұрғындардың өтініштері назардан тыс қалмай, нақты шаралар қабылдануда. Осы мақсатта қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев бірқатар аумақтарды аралады.

Атап айтқанда, Первомайская көшесі 30А, 30Б, Физкультурная 4А, Народная 86 және Галето 22 мекенжайларындағы аулалардың жай-күйімен танысты.

Первомайская 30А, 30Б мекенжайындағы тұрғындар кәсіпкерлік нысан аумағындағы шығарылмаған қоқысқа қатысты шағым білдірді. Ұқсас мәселе Физкультурная 4А ауласында да көтерілді. Ал Народная 86 тұрғындары аула ішіндегі жолды түзету қажеттігін айтты. Галето 22 мекенжайында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.

💬
«Тұрғындар көтерген әрбір мәселе – біздің тікелей назарымызда. Аула аумақтарының тазалығы мен абаттануы – тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін маңызды. Бұл бағыттағы жұмыстар кезегімен атқарылады», – деді Бекжан Бапышев тұрғындармен кездесу барысында.

Шағымдар негізінде жауапты коммуналдық қызметтер мен атқарушы органдарға тиісті тапсырмалар берілді.