Қаланың кәсіпорын, мекеме және ұйым басшыларына Кәсіпкерлік нысандарының назарына

Қаланың кәсіпорын, мекеме және ұйым басшыларына Кәсіпкерлік нысандарының назарына

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23 бабының 2 тармағы 27 тармақшасына сәйкес жұмыс беруші еңбек шартын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕАБЖ) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы ақпаратты, оған енгізілілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы келесідей мәліметтерден тұратын ақпаратты енгізуге міндетті:

1) тараптардың реквизиттері – жұмыс беруші- жеке тұлғаның ЖСН-і немесе жұмыс беруші - заңды тұлғаның БСН-і, жұмыскердің ЖСН-і.

2) белгілі мамандық, кәсіп, біліктілік немесе  қызмет (еңбек қызметі) бойынша жұмысы; 

3) жұмыс істеу орыны;

4) еңбекшартының мерзімі;

5) жұмыстың басталу уақыты;

6) шарт жасасу мерзімі мен реттік нөмірі.

 

Осыған байланысты электрондық еңбек келісім - шарттарын Электрондық еңбек биржасы порталында (www.enbek.kz) тіркеу жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аудару қажет.