Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында алдағы 2025-2026 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасуда. Осыған орай қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев РК-1 қазандығына барды.

Бүгінде РК-1 қазандығын жөндеуге тиісті бюджеттік өтінімдер берілді. Нысан қаланың сол жағалауын, Цементшілер кентін жылумен қамтамасыз ететін негізгі жылу көзі.

💬
«Жылыту маусымына дайындық өте маңызды кезең. Әрбір нысанның техникалық дайындығы мен сапалы жұмыс істеуі – тұрғындардың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасының негізгі кепілі. Сондықтан әрбір учаскеде нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс», -деп атап өтті Бекжан Бапышев.

Сонымен қатар, қала әкімінің міндетін атқарушы бөлім және коммуналдық қызмет басшыларына нақты тапсырмалар беріп, РК-1 нысанында энергия тиімділігін арттыру шараларын пысықтауды тапсырды.