«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №16 Т.Аманов атындағы мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен Кеңес Одағының батыры Махмет Қайырбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Батырларға мың алғыс!» атты әдеби өлкетану өтті.
Шара барысында кітапхана қызметкері биыл адамзат тарихындағы ең қасіретті соғыстардың бірі болған - Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толатынын атап өтіп, соғыс ардагерлері – Отанын қорғау жолында сын сағаттар мен ауыр сынақтарға төтеп берген қайсар жандар екенін, олар майдан даласында ерлікпен шайқасып, жанын шүберекке түйіп, елінің еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін жанқиярлықпен күрескенін, олардың ерлігі – шынайы патриотизмнің, қажыр мен қаһармандықтың символы болып табылатынын айтты.
Әдеби өлкетану қатысушылары «Қаһарман жерлесіміз» атты слайд-тұсаукесердің көмегімен Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың ерлігімен танысты.
Іс-шара қонағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің маманы Іңкәр Қайратқызы Қайратова қатысушыларды музейден әкелінген экспонаттармен таныстырып, батырдың Ұлы Отан соғысынан бейбіт өмірге дейінгі жолы туралы қызықты деректермен бөлісті.
Біздің халқымыздың жанқиярлық ерлігі мен Семейлік батырлардың Отан үшін жан кешкендігін оқырмандарға айта отырып, кітапхана қызметкері «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа- ұран» атты кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерге шолу жасады.
Қалалық орталық кітапхана