Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев көшпелі кеңес өткізіп, қаланың сәулеттік келбеті және абаттандыру мәселелеріне назар аударды.
Атап айтқанда қала көшелерінде, аялдамаларда, заңсыз ілінген жарнамалар мен баннерлар, жол мен үй іргелеріне қойылған көлік дөңгелектерін алуға тиісті тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ағаштарды санитарлық кесу жұмыстарын бақылауда ұстау тапсырды.
«Қалаға кірген әрбір қонақ ең алдымен тазалыққа, инфрақұрылымға, көзге жағымды көшелеріне назар аударады. Сондықтан Семейдің сәні мен салтанаты, тұрғындардың жайлы өмірі – біздің күнделікті еңбегіміздің айғағы. Қаланың тек орталығын абаттандырмай, шет аудандарын да назардан тыс қалдырмаймыз», – деді Бекжан Бапышев.
Қала әкімінің міндетін атқарушы қаланың сәулеттік келбетін ретке келтіру мақсатында рейдтік шараларды тұрақты түрде өткізіп, Семейдің тазалығы мен тәртібіy қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.