Степной кентінің мәселелері бақылауда

Степной кентінің мәселелері бақылауда

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Степной кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Ашық диалог форматында өткен жүздесуде тұрғындар өздерін толғандырып жүрген бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жол сапасы, көше жарықтандыру, қоғамдық көлік қозғалысы, бейнебақылау камераларын орнату, абаттандыру мен көгалдандыру.

«Халықпен кездесуден кейін көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайды. Әр сұрақ ретімен шешіледі. Біз тұрғындармен ашық диалог орнату арқылы нақты мәселелердің түйінін тарқатуға дайынбыз», – деді Бекжан Бапышев.

Кездесуден кейін қала әкімінің міндетін атқарушы кенттің бірнеше көшесін аралап, жағдаймен танысты.

Атап айтқанда, 2-ші Степная мен Топографиялық көшелерін қарап шығып, жолдардың қазіргі күйін бағамдады. Бүгінде жоспарға сәйкес Машина жасаушылар, Жасыл Орман және Мұқыр көшелері тегістеліп, тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Ал Топографиялық көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.