Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тыл және еңбек ардагері, Гүлшар Жөкебаеваны Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен арнайы барып құттықтады.
Ардагер ананың ерен еңбегі мен өмірлік тәжірибесі – жас ұрпақ үшін тағылымға толы үлгі. Қиын-қыстау жылдары тылда тер төккен аналарымыздың ерлігі мен төзімділігі – Ұлы Жеңістің бір бөлігі екені сөзсіз. Гүлшар Жөкебаева Бекжан Бапышевқа шынайы алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Бекжан Бапышев ардагердің ілтипатына ризашылық білдіріп, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, алғысын жеткізді.