Қалалық Мәдениет сарайында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Тәуелсіз елдің қорғаны» мерекелік шарасы өтті. Кеш барысында Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев жиналған жұртты айтулы мерекемен құттықтады.
Шара аясында ел тыныштығын сақтау жолында еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлер қала әкімінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталды.
Мерекелік кештің соңын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мапруза Утуленова, Парасат орденінің иегері Гүлдана Ноғайбаева және Мәдениет сарайының өнерпаздары әнмен әрлеп, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.