Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев көшпелі кеңес аясында Ақмола көшесіне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар жолдың сапасын және көшенің жарықтандырылмағанын жеткізді.
Кеңес нәтижесінде алдымен көшені тегістеу жұмыстары жүргізілетін болды. Ал жол жұмыстары аяқталған соң, көшеге жарық жүйесі қосылатын болады.