Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» өтті

Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» өтті

Семей қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында кең көлемдегі «Бірлік жүгірісі» марафоны ұйымдастырылды. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілер де қатысты. Қатысушылар 5 және 10 шақырым қашықтықтардың бірін таңдай алды. Жүгіру Қалалық офицерлер үйінің алдындағы алаңнан басталып, Әуезов даңғылы бойымен өтті.

Жарысқа жастар, спорт ардагерлері, мекеме қызметкерлері, оқушылар мен студенттер қатысты.

Жеңіл атлетикадан ұлттық санаттағы төреші Иван Хижняков жарыс ережелері мен жүгіру бағытын түсіндірді. Қатысушыларға жол сілтеп, дұрыс бағытты көрсетіп тұратын бақылаушылар да қашықтық бойында орналастырылды.

Мәреде қатысушыларды еріктілер мен жанкүйерлер қарсы алды. Барлық келушілер үшін музыкалық қойылымдар мен фотозоналар ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды.