Затон аймағындағы кәріз тазарту нысандарының коммуналдық меншікке қабылдануы бойынша жұмыс жүргізілуде

Затон аймағындағы кәріз тазарту нысандарының коммуналдық меншікке қабылдануы бойынша жұмыс жүргізілуде

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Затон аймағындағы кәріз тазарту нысандарының қазіргі жағдайымен және жұмыс процесімен танысты. Жұмыс барысында нысандардың техникалық ахуалы зерделенді және олардың одан әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Жұмыс нәтижесінде аталған нысандарды қаланың коммуналдық меншігіне қабылдау және оларды қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөнінде нақты тапсырма берілді.