Семейдің жасыл келешегі: «Согра» мен «Лаукар» шаруашылықтарының жұмыстарымен танысты

Семейдің жасыл келешегі: «Согра» мен «Лаукар» шаруашылықтарының жұмыстарымен танысты

Қаланы жайқалған жасыл желекке бөлеу мақсатында Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев көшпелі кеңес өткізіп, «Согра» және «Лаукар» шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Бұл екі шаруашылық – қаланың табиғи келбетін ажарлайтын жас көшеттер мен сәндік гүлдердің нағыз ұстаханасы. Мұнда қалың жапырақты ағаштар, жеміс беретін тал-теректер, түрлі-түсті гүлдер өсіріліп, олардың сапалы тұқымы алынады. Көшеттер кейін қала көшелері мен саябақтарын көгалдандыруға жіберіледі.

«Семейдің гүлденуі – тек эстетикалық мәселе емес, тұрғындардың өмір сапасын жақсартудың маңызды тетігі. Әрбір отырғызылған ағаш – болашаққа жасалған инвестиция. Біз қала аумағын көгалдандырғанда экология да, ауа сапасы да жақсарады», – деді Бекжан Бапышев.

Сапар қорытындысында көктемгі ағаш отырғызу науқанын күшейту, көшеттер отырғызылатын аумақтарды дайындау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.