Вручены подвески «Алтын алқа» и «Күміс алқа»

Вручены подвески «Алтын алқа» и «Күміс алқа»

Семей қаласы әкімдігінде ел Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары салтанат түрде табысталды. Марапаттау рәсімінде қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев аналарды құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.

«Ана – ұлттың ұйытқысы, отбасының шуағы. Сіздердің мейірімді жүректеріңіз бізге әрдайым үлгі. Балаларыңыздың тәрбиесі мен ел болашағына қосқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіремін», – деді Бекжан Бапышев.

Жиын барысында 9 анаға «Алтын алқа», 22 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Құрметті алтын құрсақты аналар!
Денсаулықтарыңыз мықты, жүздеріңіз әрдайым жарқын болсын!