Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың төрағалығымен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар жиын өтті.
Жиын барысында тұрғын үймен қамту, коммуналдық инфрақұрылым, жол жөндеу, құрылыс, жер және басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Бөлім басшылары мен тиісті сала қызметкерлері қатысқан кездесуде қаланың қазіргі жағдайы мен алдағы жоспарлар талқыланды.
«Әрбір істелген жұмыс, әрбір шешім Семейдің келбетін жақсартуға бағытталуы керек. Тұрғындар жайлы өмір сүруі үшін барынша ашық, тиімді жұмыс істеуіміз қажет», - деді Бекжан Бапышев.
Кездесу нәтижесінде бөлім басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, оларды орындау мерзімі белгіленді.