Аула тұрғындары сенбілікке белсенді қатысты

Аула тұрғындары сенбілікке белсенді қатысты

Семей қаласында өтіп жатқан жалпықалалық сенбілікке Жұмабаев көшесі, 21-үйдің тұрғындары да белсенді түрде атсалысты. Олар өз аулаларын, кіреберіс маңын, балалар ойын алаңын және көгалды аумақтарды тазалап, қалдықтарды жинап, ағаштарды әктеу және абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындардың айтуынша, мұндай шаралар аула мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, көршілер арасындағы ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттыра түседі.

Сонымен қатар, олар сенбіліктерді тұрақты өткізіп тұруды және өз үлестерін қосуға дайын екендерін жеткізді.