Қала әкімі Талғат Мұратов Қарағайлы шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысын бақылап шықты. Аталған ауданда бүгінде 9 қабатты 13 тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың шілде айында басталған.
Аталған көпқабатты үйлерде 2, 3 және 4 бөлмелі пәтерлер қарастырылған. Мердігер ұйым нысандарды 2025 жылдың желтоқсан айында толық аяқтауды жоспарлап отыр.
Құрылыс алаңын аралау барысында қала әкімі тұрғын үй сапасына, құрылыс қарқыны мен жұмыс қауіпсіздігіне баса назар аударып, нақты тапсырмалар берді.
Қала әкімі тұрғын үйлердің уақытында әрі сапалы тапсырылуын қамтамасыз ету үшін тиісті бақылауды күшейтуді тапсырды.