Табиғатты аялауға, туған қаламыздың тазалығына бейжай қарамайтын 20 мыңға жуық семейлік сенбілікке белсене атсалысты.
Қала көшелері мен аулаларын, қоғамдық орындар мен жасыл аймақтарды тазалау жұмыстарына 75 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 16 саябақ тазартылып, жалпы көлемі 1000 шаршы метрден астам қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.
Бұл сенбілік – тек тазалық шарасы ғана емес, бірлік пен жауапкершіліктің, қоршаған ортаға деген қамқор көзқарастың көрінісі болды. Семейліктердің белсенділігі мен ауызбіршілігі қаламыздың келбетін жақсартуға зор үлес қосты.
Тазалық – әрбіріміздің ортақ міндетіміз. Алда әлі талай игі істер күтіп тұр. Сенбіліктер 31 мамырға дейін жалғасатын болады. Табиғатты аялап, қоршаған ортаға жанашыр болайық!