Туған қалам - Семейім

Туған қалам - Семейім

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері №17 мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен Семей қаласындағы аспалы көпірдің іске қосылғанына 25 жыл толуына арналған «Туған қалам - Семейім!» атты ақпарат сағатын  өткізді.

Шара барысында кітапхана қызметкері  оқырмандарға Семей қаласының баурында қилы заманды басынан кешкен қаншама тарихи оқиғалар жатқанын, бұл қала халқымыздың біртуар ұлы тұлғалардың отанына айналғанын айтты. Сонымен қатар, бүгінгі Семей қаласы инфрақұрылымы дамыған, кең алқапты саябақтар мен көрікті мекендерге бай еліміздің тарихи және мәдени орталықтарының бірі, сондай-ақ елдің болашағы үшін күрескен Алаш арыстарының ізі қалған қастерлі өңір екендігін жеткізді.

 Ақпарат сағаты  әлемдегі 17-ші, ал ТМД-дағы бірінші көпір болып, ел  мақтанышына айналған Ертіс өзені арқылы өтетін Семейдің аспалы көпірі туралы ақпаратпен жалғасты.

 Әрі қарай кітапханашы аспалы көпірдің іске қосылғанына 25 жыл толуына  орай, экраннан  «Әйгілі аспалы көпір» атты бейне-слайд арқылы оқырмандарды көпірдің құрылысымен таныстырып, аспалы көпір құрылысымен жапондық «Аячай» фирмасы айналысқанын, бұл көпір тек семейліктер мен Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азия мен Батыс Сібірді байланыстыратын халықаралық маңызы зор жол торабы болып отырғандығын да мақтанышпен айтып берді.

Іс-шара жалғасында оқырмандар «Сен туған қалаңның тарихын білесең бе?» атты викторинаға қатысып, туған қаласына деген махаббаттарын «Туған қалам Семейім» атты әнмен жеткізді.

Шара соңында «Туған өлке - тұнған тарих» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.