Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар

Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері №31 орта мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен жұмысшы мамандықтарының жылы аясында «Еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар» атты MamandyqFest өткізді.

!с-шараға Т.Т.Қасенов - «Семей цемент зауыты ӨК» ЖШС жаңа техника мен технологияларды енгізу бойынша жетекші инженері, Д.Ж.Ибатулина - «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК кәсіптік бағдарлау, жұмысқа орналастыру және мониторинг бөлімінің меңгерушісі, А.А. Ерғалиева - Электротехникалық колледждің жұмысқа орналастыру бөлімшесінің меңгерушісі және Ш.Ж.Жұмабекова - Көлік колледжінің психологы қатысты.

Шара басында кітапхана қызметкері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауынан үзінді келтірді. Президентіміз 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл жоба қоғамда бірінші орында тұруы тиіс адал және қажырлы еңбектің маңыздылығын айта отырып, қоғамда еңбек пен кәсібилік құндылықтарын насихаттауға бағытталған. Өз саласындағы мамандардың арқасында Ұлтымыздың жаңа сапасы қалыптасып келе жатқанын айтты.

Шара қонақтары: кәсіпорындар туралы, өздерінің кәсіптері, жұмыс барысындағы кезіккенін қиындықтар туралы, сондай-ақ жас мамандар үшін қандай перспективалар ашылғаны жайында әңгімелеп бірді. Сонымен қатар, жұмысшы мамандықтары еңбек нарығында сұранысқа ие екенін, қызметтік өсу мүмкіндіктерінің барын және тұрақты табыс көзі болып табылатынын атап өтті.

Студенттер шара қонақтарына: «Сіздің мамандығыңыздағы басты басымдық не?», і«Өз мамандығыңыз бойынша оқу үшін қанша жыл қажет?», «Мамандығыңызға қандай қасиеттер маңызды?» деген сұрақтарын қойды. Қатысушылартек пайдалы ақпаратты ғана алып қоймай , сонымен қатар лайықты және қажетті мамандық таңдауға мотивация алды. 

Шара соңында «Менің мамандығым» атты бейнеслайд көрсетіліп, жұмысшы мамандықтары туралы кітаптар мен мерзімді басылымдардан «Еңбек адамы - елдің байлығы!» тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

Қалалық орталық кітапхана