Семей қаласының әкімі «Семей» ФК жеңісімен құттықтады

Семей қаласының әкімі «Семей» ФК жеңісімен құттықтады

«Семей» ФК – Қазақстан кубогының иегері

Талдықорған қаласында өткен Қазақстан кубогының финалында жерлестеріміз «Семей» ФК алматылық «Қайрат» футзал клубымен кездесіп, 5:1 есебімен аяқталған матчтың нәтижесінде жеңімпаз атанды!

Бұл жеңіс – тек «Семей» ФК ұжымының ғана емес, барша семейліктердің ортақ қуанышы! Команданы жетістігімен шын жүректен құттықтаймын!

2024 жылы «Семей» ФК футзалдан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанған болатын.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Құрметпен, Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов