Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Наурыз мерекесін тойлады

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Наурыз мерекесін тойлады

Шаһар басшысы Талғат Мұратов қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында өткен Наурыз мерекесіне қатысты. Іс-шара ұлыстың ұлы күніне орай ұйымдастырылып, ұлттық дәстүр мен құндылықтарды насихаттауға арналды.

Мерекелік жиында ұлттық әндер шырқалып, қонақтар үшін арнайы әзірленген Наурыз дастарханы жайылды.

Қала әкімі басқарма мамандарына халық денсаулығын қорғаудағы еңбектері үшін алғыс білдіріп, бірқатар қызметкерге Алғыс хаттар табыстады.

«Сіздер бүгінде қала тұрғындарының денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етіп келесіздер. Әсіресе, соңғы жылдары қажырлы еңбектеріңіздің арқасында қоғамда санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары ұлғайды. Осыған орай қаламызда жағдай жақсарып, тұрғындардың амандығын сақтауға сіздердің ұжымдарыңыз зор үлес қосуда», – деді Талғат Мұратов.

Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шара жылы көңіл-күйде өтіп, мамандар бір-біріне ақжарма тілектерін айтты.