Құрметті қала тұрғындары!

Құрметті қала тұрғындары!

2025 жылғы 20 наурыздан бастап Наурыз мейрамын атап өтуге байланысты қаламыздағы автобус қозғалысының схемасына өзгерістер енгізіледі.

Орталық алаң аймағында көлік қозғалысы шектеледі:

• Мұхамедханов көшесі: Ибраев көшесінен Шмидт көшесіне дейін

• Абай көшесі: Шәкәрім даңғылынан Беспаев көшесіне дейін

Маршруттардың уақытша қозғалыс схемасы:

 № 9, 28, 33, 36, 41, 56 бағыттары: Абай көшесінен Шәкәрім даңғылына солға бұрылып, Дулатов көшесіне оңға бұрылады. Одан әрі Мұхамедханов көшесіне солға бұрылып, кері бағытта да осы схема сақталады.

 № 2, 5, 29, 31, 35, 43 бағыттары: Мұхамедханов көшесінен Беспаев көшесіне солға бұрылып, Беспаев көшесі арқылы Абай көшесіне шығады. Кері бағытта да осы схема қолданылады.

 Тек 22 наурыз күні № 20 бағыты: Абай көшесінен Шәкәрім даңғылына солға бұрылып, Дулатов көшесіне оңға бұрылады. Одан әрі Мұхамедханов көшесіне оңға, Беспаев көшесіне солға бұрылып, Абай көшесіне шығады. Қайтар жолда да осылай жүреді.

 № 3 бағыты: Абай көшесінен Шәкәрім даңғылына солға, Дулатов көшесіне солға (Жансая бағытына) бұрылады. Жансая аялдамасында бұрылыс жасап, Шәкәрім даңғылына қайта қосылады. Қайтар бағытта да осы схема қолданылады.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз!