Қаламгерлер әлемі

Қаламгерлер әлемі

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Қалалық орталық кітапханада «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында «Қаламгерлер әлемі» атты  әдеби quiz өткізілді.

Шараға «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаменті» - нің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында кітапхана қызметкері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалық қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстанда 2007 жылдан «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы басталып, жылма-жыл өткізіліп келе жатқанын атап өтті.

 2025 жылы екі көрнекті автор - Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына ерекше көңіл бөлінгенін айтып, жазушылар шығармашылығымен таныстырып, олардың шығармалары оқырмандарды жігерлендіретіні және де есімдері ұлттық әдебиет пен мәдениет тарихында мәңгілік қалатыны айтылды.

Әдеби quiz жалғасында қатысушылар 2 топқа бөлініп, 3 раундқа қатысты. Раундта «Бұл кім?», «Әдебиет+Кино», «Не? Қайда? Қашан?» тақырыптар болды. Топтар өздерінің білімдері мен әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін көрсете отырып, сұрақтарға тиянақты жауап берді.

Іс-шара соңында осы екі талантты автордың шығармаларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.