Түнгі рейд: арық тазалау жұмыстары жалғасуда

Түнгі рейд: арық тазалау жұмыстары жалғасуда

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов арық жүйесін тазалау жұмыстарын тексеріп, жауапты мекемелерге су басу қаупі жоғары аймақтарда жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

Қаладағы арық жүйесінің жалпы ұзындығы – 60 км. Бүгінде түнгі уақытта 20-ға жуық жұмысшы мен арнайы техника арықтарды тазалау және күтіп ұстау жұмыстарына жұмылдырылған.

«Көктемгі су тасқынының алдын алу – маңызды міндет. Арықтар уақытылы тазартылмаса, еріген қар суы қауіп тудыруы мүмкін, ал біз үшін тұрғындардың қауіпсіздігі бірінші орында. Сондықтан бұл мәселе ерекше бақылауда», – деді қала әкімі Талғат Мұратов.

Коммуналдық қызметтер көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.