Туған жерге мың алғыс

Туған жерге мың алғыс

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 1 наурызда 30 жыл толып отыр. Көктемнің алғашқы күні елімізде дәстүрлі түрде Алғыс айту күні тойланады. Бұл атаулы мерекелердің көпұлтты Қазақстан халқы үшін маңызы зор, олар татулық пен бірлікті, бір-біріне құрмет пен ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді.

Біздегі барлық ұлт өкілдерін біріктіретін маңызды ұғым ол – Біз - Қазақстан халқымыз. Біз біргеміз және біздің қуатымыз бен табысымыз да осында. Еліміздің болашақта одан әрі өркендеп гүлденуі үшін мемлекет ішіндегі тұрақтылық, елімізді қоныстанған халықтар арсындағы достық пен келісім қажет.

  Міне, осы орайда өткізілетін іс-шаралардың мақсаты да, өскелең ұрпақты төзімділікке, бір-бірімен достық пен сыйластыққа, еліміздегі этносаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталды.

Атап айтсақ, Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері «Туған жерге мың алғыс!» атты алғыс айту кешін өткізді.

Атаулы шараға «Буюк келажак» өзбек әлеуметтік-мәдени орталығының мүшелері Аружан Чингисбаевна Ибраева, Жанат Курмашевна Несипбаева, «Возрождение» неміс орталығының жастар жұмысының үйлестірушісі Элеонора Вячеславовна Левченко мен тілдік жұмысының әдіскер үйлестірушісі София Максимовна Беддер және Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің студенттері қатысты.

Кіріспе сөзінде кітапхана қызметкері алғыс айту күні - бұл қиын кезеңдерді бастан өткерген еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні, сонымен қатар елімізде тыныштық пен үндестік, барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні екенін атап өтті.

Іс-шара жалғасында мәдениет орталықтарының өкілдері ұлттар достастығы туралы баяндап, бір-біріне қамқорлық пен мейірімділік танытудың маңызы туралы жүрекжарды сезімдерін жеткізіп, өздерін бауырындай қабылдаған адамдар мен елге алғыстарын білдіріп, ұлттық концерттік нөмірлермен өнер көрсетті.

Сонымен қатар, №6 кітапхана-бөлімшесінің қызметкерлері Қ.Сәтпаев атындағы №2 орта мектептің 3 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Аида Мұратқызы Бургумбаеваның қатысуымен «Алғыс айту күні - мейірімділік пен құрмет мерекесі» атты құттықтау калейдоскопын өткізіді.

Құттықтау калейдоскопында оқушылар Отан, мейірімділік пен алғыс туралы тақпақтар оқып, би билеп, ән шырқады. Сонымен қатар,  әрбір қатысушы өз жақындарына алғысын білдіріп, «Менің Қазақстаным» викторинасына қатысты

Балалар және жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Семей қаласының жастар ресурстық орталығының мамандары мен №31 орта мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Шипагер» клубы аясында «Әлемді мейірім құтқарады» атты әдеби керуен өткізді.

Іс-шара барысында Қалалық жастар ресурстық орталығының мамандары Құралай Зейнешова, Аяулым Дүйсенова сөз кезегінде алғыс айту күні тарихына кеңінен тоқтала кетіп, қызықты ойын ұйымдастырып, оқушылар «Рахмет саған, Туған ел», «Алғыс», әндерін караокеге қосылып шырқады.

№12 кітапхана-бөлімшесінде Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясының 2 сынып және №27 мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен  «Алғыс айту - игілік сыйлау» атты алғыс айту сағаты өтті.

Кітапхана қызметкері - бұл мереке ұлттық болмысымызбен тамырлас достық, мейірімділік және ынтымақтастықтың тұрақты құндылықтарын білдіреді деген кіріспе сөзімен бастап, әрі қарай  шара қатысушылары «Жақсылық қайтып келеді» бейнеролигін тамашалап, «Қолтаңба» ойынына қатысты. Онда балалар «Алғыс» ұғымына байланысты тілек сөздер жазып, алғыс сөздерді білу және айта білу бойынша сайысты.

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде №32 мектептің 5-сынып оқушыларының қатысуымен «Алғыс айту - ізгіліктің жарқын ізі» атты мерекелік кеші және Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Қазақстан - біртұтас отбасы» атты іс-шара кітапхана оқырмандарының «Ең бастысы - Алғыс айту» өлеңін оқуымен басталды. Әрі қарай кітапхана қызметкері оқушыларға мерекенің тарихын айтып, Даль және Ожегов сөздігі бойынша «алғыс» сөзіне анықтама берді.

Кеш барысында қатысушылар «Ең маңызды байлық» атты аңыз бен үнді халқының «Марапат» ертегісін тыңдап, «Мақал жина» және «Сәлемдесу» ойынына қатысып, сонымен қатар балаларға әлемнің әртүрлі елдерінде қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша бір-бірімен амандасу ұсынылды.

Шара соңында балалар «Алғыс гүлін» жинап, гүл жапырақшаларына алғыс сөздерін жазды.