Семей қаласында су тасқынын алдын алу және салдарын жою үшін арнайы техниканың дайындығы тексерілді.
Шараға Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов, Төтенше жағдайлар департаменті, жедел-құтқару жасағының және коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.
«Су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар қабылдануда. Басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттың алдын алу. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек», – деді қала әкімі Талғат Мұратов.
Жалпы, қала бойынша 96 маман мен 48 техника бірлігі дайындықтан өтті. Сондай-ақ жолдарды қардан тазарту және су тасқынына қарсы шараларды жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтар әзірленді. Қолайсыз ауа райы жағдайларына жедел әрекет ету мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Қалың қар жауған жағдайда мердігер ұйымдар қарды жаппай шығару үшін қосымша техника жұмылдырады.