Қар тазалау тәулік бойы жалғасуда. Күндізгі ауысымда 32 бірлікке дейін техника жұмылдырылған. Күн сайын таңғы 4:00-ден бастап жолға құм себу, көшелер мен жаяу жүргіншілер жолын мұздан тазарту, сондай-ақ жол жиегіндегі қар үйінділерін шығару жұмыстары жүргізіледі.
Қала көшелерін қысқы күтіп-ұстауға барлығы 109 техника тартылған. Олардың қатарында әмбебап жол машиналары, тракторлар, тиегіштер, автогрейдерлер және самосвалдар бар.
Қар шығаруға арнайы үш полигон дайындалды: Қарағайлы шағын ауданы, Мұрат саяжайының бұрылысы (35-колония маңы) және Семей-Қайнар тас жолының бойы.
Қыс басталғалы бері 65 мың текше метрден астам қар шығарылды.