Қала әкім Семей орманындағы «Денсаулық жолын» аралады

Қала әкім Семей орманындағы «Денсаулық жолын» аралады

Қала әкімі жұмыс сапары аясында РММ «Семей орманы» аумағына барып, «Денсаулық жолы» маршрутын аралап шықты. «Денсаулық жолының» ұзындығы 5 км құрайды және бұл жер қала азаматтарының демалысы үшін ерекше орынға айналуда. Отбасыларымен бірге демалуға келетін қала тұрғындары үшін ыңғайлы әрі тыныш орта.

Сапар барысында қала әкімі мердігерлермен бірге жол жасау, жарықтандыру және жылы вагондар орнату мәселелерін талқылады.

«Қала тұрғындарының сапалы демалысын қамтамасыз ету мақсатында «Денсаулық жолын» одан әрі дамыту маңызды. Бұл жол өзінің аты айтып тұрғандай спортпен шұғылдануға арналған денсаулық жолы бола білуі тиіс» - деді қала әкімі Талғат Мұратов.

Осыған дейін қала әкімі Талғат Мұратов «Денсаулық жолын» аралап шығып, аумақты абаттандыру қажеттілігі туралы атап өткен болатын. Әкім тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.