Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландырудың маңыздылығын атап өтті. Алайда, Мемлекет басшысы цифрландырудың дамуымен қатар алаяқтық жағдайларының саны да артып келе жатқанын ескертті.
Алаяқтықпен күрес мақсатында Семей қаласында үш күндік «Тоқта, алаяқ!» акциясы басталды. Науқан 28-30 қаңтар аралығында өтеді. Акцияның мақсаты – қала тұрғындарын интернет-алаяқтық туралы хабардар ету және жеке деректерді қорғау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Іс-шараға полиция қызметкерлері мен еріктілер жұмылдырып, интернеттегі алаяқтардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.
Еске сала кетейік, былтыр алаяқтыққа қарсы іс-қимыл аясында «Cyberpol» арнайы бөлімшесі 79 қылмысты ашып, 7,5 млн теңге шығын өтелді және 7 интернет-алаяқ ұсталды. Заңсыз мазмұндағы 400-ден астам интернет-ресурстар бұғатталды.