Қалада қылмыс саны азайған

Қалада қылмыс саны азайған

Қалалық Мәдениет сарайында Семей қаласы полиция басқармасының қорытынды отырысы өтті. Жиынға Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов, Абай облысы ПД басшысының бірініші орынбасары Дүйсенбай Байбусунов, Семей қаласының прокуроры Дәулет Кенжебеков және полиция қызметкерлері қатысты. Әкім өз сөзінде қала тыныштығын қорғап жүрген полиция қызметкерлеріне алғысын білдіріп, «Құрмет грамоталарын» табыстады.

«Полиция қызметкерлерінің қоғам алдындағы міндеті өте маңызды. Әрбір істеген жұмыстарыңыз арқылы қала тұрғындарының сенімі нығайып, қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде. Бүгінде полиция қызметкерлері тек қылмыспен күресіп қана қоймай, әлеуметтік мәселелерге де назар аударып, қоғаммен тығыз байланыс орнатуға ерекше мән беріп келеді», - деді әкім.

Полиция басқармасы негізгі бағыттарда оң нәтижелерге қол жеткізген. Атап айтқанда қоғамдық орындардағы қылмыс саны 4,6%-ға, көшедегі қылмыс 3,1%-ға азайған. Ал топпен жасалған қылмыс 45,2%-ға төмендеген.