Арнайы операциялар күштерінің құрылған күніне орай қалалық Мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында қорғаныс саласына сіңірген еңбегі үшін қала әкімі Талғат Мұратовтың алғыс хаттары табысталды.
Бұл құрылым елдің әскери қауіпсіздігін нығайтып, қорғанысты арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, терроризмге қарсы операциялар мен заңсыз қарулы топтарды залалсыздандыру бойынша маңызды міндеттерді атқарады.
Мерекелік жиын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.