Тұрғындардың күнделікті өміріне қолайсыздық туындамас үшін коммуналдық қызметтер тәулік бойы көшелерді қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Қала әкімі Талғат Мұратов жұмыстарды бақылау үшін көшелерді аралап шықты. Әкім бұған дейін тұрғындардың қар тазалау мәселесін бірнеше рет көтергенін еске салып, тазалауды мұқият әрі жылдам атқаруды тапсырды. Күндіз көлік қозғалысы жоғары болғандықтан, қар тазалау жұмыстарына кедергі келтіреді. Сол себепті арнайы техника түнде де жұмысқа шығып, көшелерді қардан тазалауды жалғастырады.
Әкім қысқы маусымда коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуі тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.