Биыл 67 аула аумағы мен 8 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық кеңістіктер: 8 қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сеченов көшесінде тұрғындарға спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасайтын заманауи жүгіру алаңы ашылды. Дәрігерлер сквері – медицина қызметкерлерінің еңбегін құрметтеу белгісі ретінде.
Құтқарушылар сквері – сол жағалауда құтқарушылардың батыл еңбегіне арналған. Демалушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін «Заря» жағажайы абаттандырылды.
Бейбітшілік аралындағы балалар темір жолы қалпына келтірілді. Арал аумағында футбол және стритбол алаңдары, воркаут аймақтары, сондай-ақ «Денсаулық жолы» атты жаттығу алаңы ұйымдастырылды.
Әуезов алаңының реконструкциясы сәтті аяқталды.
Мәңгілік ел көшесі абаттандырылды.
Қабанбай көшесі мен Шәкәрім даңғылының қиылысында ұлы ақын әрі ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші орнатылды.
«Тарихи қиылыс» жобасы іске асырылды.