Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов тәуелсіздік күні қарсаңында Семей қаласына еңбегі сіңген бірнеше адамға Құрмет грамоталарымен және «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстады. «Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арманы, ұрпақтарымызға қалдырған аманаты. Біз бүгінгі жетістіктерімізбен мақтанып, болашаққа сеніммен қараймыз. Отанымыздың өркендеуі үшін әрқайсымыз аянбай еңбек етіп, өз үлесімізді қосуға міндеттіміз. Сондай-ақ бүгін ерекше қуанышты сәт – Семей қаласының «Құрметті азаматы» атағын табыстау рәсімімен қатар келіп отыр. Бұл атақ – туған жеріне, халқына адал қызмет етіп, еңбегімен елеулі үлес қосқан азаматтарға көрсетілген зор құрметтің белгісі»,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Бүгін «Семей қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісін алатын адамдардың тізімі:
Аскаров Мэлс Мубаракович — еңбек ардагері, Шығыс Қазақстан облысындағы колледждер директорлары кеңесінің әдіскері
Иванова Райфа Латыфовна — профессор, медициналық университеттің ғалымдар кеңесінің мүшесі Каражанова Людмила Кусаиновна — профессор, медицина ғылымдарының докторы
Калдыбаев Музаффар Ахметсафаевич — профессор, хирургиялық пәндер кафедрасының доценті Барабанов Александр Иванович — Қазақстанның құрметті білім қызметкері
Жұмақсанов Шаган Манапович — Қазақстанның құрметті білім қызметкері
Чегедеков Баглан Салихович — денсаулық сақтау саласының үздігі, еңбек ардагері
Сарсенбинов Саясат Хасенович — 60 жылға жуық футбол жанкүйері, жанкүйерлер қозғалысының жетекшісі Гостев Вадим Акендинович — «НПО «Қазақстан — Салют» ЖШС негізін қалаушы
Сонымен қатар, марапатқа ие болған тұлғалар, өздерінің ақжарма тілектерін де жеткізді.