Бүгін Семей қаласында “AGRO OIL GROUP” өсімдік майын өндіретін зауыттың ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Зауыттың негізін қалаған семейлік кәсіпкерлер: Бауржан Қалиев, Ринат Оралханов, Айдос Құрманғазыұлы және Азат Ержан.
Зауыттың қуаттылығы жылына 150 мың тонна күнбағыс дәнін өңдеуге мүмкіндік береді, соның нәтижесінде 50-60 мың тонна май өндіріледі.
Өнім заманауи технологияларды қолдану арқылы өндіріледі, бұл оның жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, зауыт қажетті шикізат пен дайын өнімді еліміздің басқа облыстарына жеткізуді мақсат етеді. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов өз сөзінде осындай кәсіпорындардың ашылуы Семейдің инвестициялық тартымдылығының артып келе жатқанын және өңір экономикасының нығаюына жергілікті кәсіпкерлердің қосып жатқан үлесін айрықша атап өтті.