Семей қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесін шешу мақсатында әкімдік қысқа мерзімде жүзеге асырылатын нақты шаралар жоспарын әзірлеп, тиімді жұмыстар атқаруда. 2023 жылы әкімдік пен қоқыс шығарушы компания арасындағы меморандум негізінде коммуналдық техника паркі жаңартылып, қалаға 10 жаңа қоқыс тасымалдау көлігі жеткізілген болатын. Биыл бұл техника тағы бір көлікпен толықты. Сонымен қатар, 2023-2024 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі жаңа стандарттарға сай 1500 контейнер сатып алып, 400 қоқыс алаңын жабдықтады.