Құрметті семейліктер мен қала қонақтары!

Құрметті семейліктер мен қала қонақтары!

Биыл Семейде 1995 жылы тоқтап қалған балалар теміржолы қайта жанданды! Енді бұл жерде балалар өздеріне арналған теміржолда саяхаттап, жаңа ғажайыптарды ашатын болады. Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін ең заманауи спорт аймағы дайын! Мұнда кәсіби тренажерлар, футбол алаңы, волейбол алаңы, стритбол алаңы, воркаут аймағы және велосипед тұрақтары сіздерді күтіп тұр.

Бейбітшілік аралы заманауи жарық жүйесімен жабдықталып, денсаулық жолына жаңа воркаут орнатылды. Бұл жаңа кеңістік қала тұрғындарына таза ауада, табиғат аясында тиімді уақыт өткізуге мүмкіндік береді.

Жаңғыртудан өткен балалар теміржолы мен абаттандырылған қоғамдық кеңістік ашылу салтанаты 30 қараша күні сағат 12:00-де өтеді.

Келіңіздер, көріңіздер және бұл ерекше сәтке бірге куә болыңыздар!