Мемлекеттік қызметшілер арасында футболдан турнир өтті

Мемлекеттік қызметшілер арасында футболдан турнир өтті

Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 23-24 қараша күндері мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері арасында футзалдан қалалық турнир өтті.

 Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спорт тұрлерін дамытып, - мемлекеттік қызметшілердің достық қарым-қатынасын нығайту болып табылады.

 Аталған жарысқа жергілікті атқарушы органдар, департаменттер және күштік құрылым мекемелерінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

 Турнир қорытындысы бойынша:

 Абай облысы Полиция Департамент құрама командасы.

 Абай облысы Төтенше жағдайлар Департаменті құрама командасы.

 Абай облысы Экономикалық Тергеп Тексеру Департаменті құрама командасы.