Семейде жыл басынан бері 90 адамға қайтарымсыз грант берілді

Семейде жыл басынан бері 90 адамға қайтарымсыз грант берілді

Әлеуметтік қорғаудағы тұрмыс жағдайы аз қамтылған азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде жыл басынан бері 90 адамға грант берілді.

Гранттар жиһаз өндірісі, массаж кабинеттері үшін қажетті жабдықтарды сатып алу, балалар кафесін ашу, ұялы телефондарды жөндеу, химиялық тазалау, дәнекерлеу өндірісі және басқа да салаларға бағытталған.

Қала тұрғындарын жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту үшін арнайы топ құрылды. Аталған топ тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастырады. Жыл басынан бері 49 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді, оның ішінде 2 қалалық, 28 жылжымалы және 19 шағын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болды.